Түркістан облысында туған қызына азғындық жасаған ер адам 15 жылға сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар ол әйелін зорлаған

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында кәмелет жасқа толмаған туған қызына азғындық жасап, әйелін зорлаған ер адам 15 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға былтыр күзде болған. Әйелі күйеуінің азғындығын біліп, аудандық полиция бөліміне арызданған. Құзырлы мамандар Қылмыстық кодекстің 121-бабы, яғни  «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Күдікті жасаған қылмысын мойындап, қамауға алынды.

«Бізге дәлелдерді әрбір бөлшектерден жинауға, сараптама тағайындауға және кәсіби мамандарды да тартуға тура келді. Бұл үшін бірнеше ай қажет болды. Нәтижесінде, облыстағы Әділет министрлігінің сот-медициналық сараптама институтының мамандары әйел мен кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық-зомбылық сипаттағы әрекеттер шын мәнінде орын алғанын растады», - деді Түркістан облысы ПД тергеу басқармасының бастығы Нұрмахан Жалғасов.