Өрт себебі анықталып жатыр
Петропавлда саяжай өртеніп, бір адам қайтыс болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.
«Өрт кешке қарай «Мичурино» ауданында болған. Саяжайдағы үйде болған өртті сөндіру барысында әйел адамның мәйіті табылды. Өрт себебі анықталып жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Айта кету керек, өткен аптада облыста 10 тұрмыстық өрт тіркелген.