Ақмола облысында 3 азамат героин сақтағаны үшін 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қылмыстық топтың екі мүшесі бұған дейін де сотты болған

Атбасар ауданының үш тұрғыны 2,5 мың героин мөлшерлемесін өткізгені және сақтағаны үшін 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2019 жылдың күзінде Ақмола облысының полицейлері аса ірі мөлшерде героин өткізуді ұйымдастырған Атбасардың үш тұрғынын - отбасылық жұп пен олардың танысын ұстады. Қылмыстық топтың екі мүшесі бұған дейін ауыр қылмыс, оның ішінде есірткімен байланысты қылмысы үшін бірнеше рет сотты болған.

Олар сату үшін дайындалған есірткінің бір бөлігін сотталғандардың бірінің анасының үйіндегі жуынатын бөлмеде сақтаған және сатып алушының тапсырысына қарай, героинді аз мөлшерде алып отырған. Сотталушылар есірткі сату барысында сақтану үшін сатып алушыға сол жерде инъекция жасауды ұсынып келген.

Жақында Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында осы іс бойынша процесс аяқталды. Сот нәтижесі бойынша, аса ірі мөлшерде есірткі өткізуді ұйымдастырғаны үшін үш айыпталушыға 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

500 граммға жуық героиннің сақталғаны және өткізілгені сотта дәлелденді. Айта кетейік, заңнама бойынша салмағы 1 грамнан астам героин аса ірі мөлшердегі есірткі қатарына жатқызылған.