Оқиға орнына ТЖД-ның 42 қызметкері барды
Алматыда кардиологиялық орталық жанындағы ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алмалы ауданы Төле би көшесіндегі 98-үйде өрт шықты. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 42 қызметкері мен 14 техника кетті. Жеке тұрған ғимараттың шатыры отқа оранған», – деп жазылған хабарламада.
Ғимарат ішінде адамның бар-жоғы әзірге белгісіз.