Үш жасар бала терезеден құлап, қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға Солтүстік Қазақстан облысында болған

Көп қабатты үйдің терезесінен құлаған үш жасар бала оқиға орнында қайтыс болды. Қайғылы оқиға Саумалкөл ауылында болған. Құтқарушылардың айтуынша, москит торы баланың салмағына төтеп бере алмады. 

«Баланың анасы көрші бөлмеде болған. Олар ноутбукты қосу үшін зарядтағышты іздеген. Ал ноутбукке арналған зарядтау құрылғысы терезенің алдында тұрған. Бала осы себепті терезеге мініп кеткен. 2017 жылы туған бала терезеге көтеріліп, москит торына құлады, өкінішке қарай, тор шыдамай, бала қаза тапты»,- деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Игорь Жуков.  

Бұл жыл басынан бері Солтүстік Қазақстанда тіркелген алғашқы осындай жағдай. Өткен жылы көпқабатты үйлердің терезесінен төрт бала құлау оқиғасы тіркелген еді. Олардың үшеуі қайтыс болған.