Ол енді 15 жылға сотталуы мүмкін
Осыдан он жыл бұрын Астанада жүрген шетелдік екі сыбайласымен бірге елорда тұрғынына зәбір көрсеткен: ол бетперде мен қара қолғабын алдын ала дайындап, терезеден ұрланып кіріп, жігітті ұрып-соққан, оны пышақтаған. Артынша алтыны мен ақшасын ұрлап, ізін суытқан. Қазақстанның Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі мен Испаниядағы Қазақстан елшілігі күдікті арада он жыл өте қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құзырлы органдар оны Испания Корольдігінен Астанаға экстрадициялаған видеосын жариялап отыр.
Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстанда 150-ге жуық жылқы ұрлаған төрт жігіт қамалды: олар 12 жылға дейін сотталуы мүмкін
«Қылмыс жасағаннан кейін үш сыбайластың біреуі ғана ұсталған еді. ОЛ 11 жылға сотталған. Ал қалған екі күдікті ізін жасырған. Сондықтан, халықаралық іздеу жарияланған еді», - деп хабарлайды Бас прокуратура.
Қазір күдікті изоляторда. Егер кінәсі дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 15 жылға сотталуы мүмкін.
Біздің Instagram және TikTok желісіндегі парақшаларымызға жазылыңыздар.