Сондай-ақ өткен жылы жоғалып, табылмаған 44 адамәлі іздеуде
Жыл басынан бері СҚО полицейлері хабар-ошарсыз кеткен 92 адамды іздеп тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіру – криминалдық полиция қызметкерлерінің маңызды жұмыс бағыттарының бірі. Олардың айтуынша, жоғалған адамдардың едәуір бөлігін екі санаттағы адамдар құрайды: маршрут туралы туыстарына хабарламай, жұмыс істеуге кететіндер және спирттік ішімдік ішетіндер.
«Мысалы, 34 жастағы петропавлдық азаматты криминалдық полиция қызметкерлері облыс аудандарының бірінен іздестірген. Анықталғандай, ол қосымша жұмысқа орналасқан жерде байланыс проблемалары болып, анасына қоңырау шала алмаған. Осыған ұқсас оқиға Петропавл қаласының басқа тұрғынымен болды, айырмашылығы, жоғалушы туыстарының қоңырауларына жауап бермеген» делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, әрбір бесінші жағдайда тәртіп сақшылары мас компанияларда, әдетте таныстарда немесе жалдамалы пәтерлерде хабар-ошарсыз кеткендерді табады.
Әрбір іздестіруге «Қамқор» клубы мен«Лидер KZ» қоғамының еріктілері жұмылдырылған. Еріктілер көмекке келіп, аудандарға барып, әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеп жүр.
Ресми ақпаратқа сәйкес, 2020 жылы СҚО-да хабар-ошарсыз кеткен 93 адам тіркелді, оның ішінде 17-сі алкогольді теріс пайдалануға бейім. Сондай-ақ,өткен жылдары жоғалып кеткен 44 адамды іздеу жұмыстары да жалғасуда.