Қайғылы оқиға кеше Қараөзек стансасындағы дария бойында болды
Қызылорда өңірінде Сырдария өзеніне батып кеткен 10 және 13 жасар екі баланың мәйіттері табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қайғылы оқиға 11 тамыз күні кешкі сағат 7-лер шамасында болған еді. Балалар арнайы жабдықталмаған жерде шомылған.
«Сырдария ауданы, Қараөзек стансасы маңындағы дария бойында суға батып кеткен екі баланы іздестіруге облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері қатысып, 2 техника тартылды. Кеше іздестіру жұмыстары нәтижесіз болған еді. Бүгін таңертеңгі уақытта екі бала да оқиға орнынан 70-75 метр қашықтықта су астынан табылды», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.