Қайғылы жағдайлар 20 қазан мен 14 қараша аралығында үш ауданда тіркелген. Қаза тапқандардың барлығы балық аулауға шыққан
2026 жылғы 20 қазан мен 14 қараша аралығында Қостанай облысындағы су айдындарында балық аулауға шыққан үш ер адам қаза тапты. Қайғылы оқиғалар күзгі балық аулау кезінде болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Алау» басылымына сілтеме жасап.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдайлар үш ауданда тіркелген.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, былтыр осы кезеңде өңірдің су айдындарында адам өлімі тіркелмеген.