Ақтөбеде жанар-жағармай бекетінің иесін алтып өлтірді деген күдікті ұсталды

Автор: Бақыт Шынар

Қылмыс екі күн бұрын болған

Фото: скриншот

Осыдан екі бұрын Ақтөбедегі кәсіпкердің үйіне шабуыл жасап, оны өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл ақпаратты облыстың полиция департаменті растады.

«Полицияның жедел-іздеу шараларының арқасында полиция кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол Қазақстанның азаматы, Ақтөбе қаласының тұрғыны», - деп мәлімдеді Ақтөбе облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары Әсет Қалиев.

Ақтөбеде 49 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Естеріңізге сала кетейік, 16  қараша күні Ақтөбеде қара маска киген ер адам жер үйге шабуыл жасап, 49 жастағы ер адамды атып өлтірген. Күдікті ақша мен қымбат бұйымдарды қолды етіп, марқұмның көлігімен қашып кеткен.

Әлеуметтік желіде таралған видеоға сенсек, Ақтөбенің шет жағын полиция қоршап алған.

Бүгін анықталғандай, күдікті екі күн ішінде ұсталған.