Өрт ғимараттың екінші қабатында шыққан. Оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген, эвакуация жүргізу қажет болмаған
Шымкентте дарынды балаларға арналған лицей-интернаттың жатақханасында өрт болды. Ғимараттың екінші қабатында жиһаз бен матрас тұтанған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды жедел ауыздықтап, оның басқа бөлмелерге таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Тұран ауданындағы Орманов көшесінде орналасқан бес қабатты ғимаратта шыққан.
«Эвакуация жүргізу қажет болған жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деп мәлімдеді ТЖМ.
Ведомство өкілдері өртті сөндіру сәті түсірілген бейнетіркегіш кадрларын да жариялады.