Қоғамдық көліктегі ер адамның әрекеті видеоға түсіп, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Шымкентте қоғамдық көлікте жолаушылардың көзінше сексуалдық сипаттағы әдепсіз әрекет жасаған 38 жастағы ер адам әкімшілік қамауға алынды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам қоғамдық көлікте әдепсіз әрекет жасап, қоғамдық тәртіп пен моральдық нормаларды өрескел бұзған.
Тергеу барысында құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол 38 жастағы жергілікті тұрғын З. М. болып шықты.
Сот шешімімен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция өкілдері мұндай әрекеттерге, әсіресе кәмелетке толмаған балалар да жиі пайдаланатын қоғамдық көлікте жол берілмейтінін ескертті.
«Қоғамдық тәртіпті бұзу, сондай-ақ басқа азаматтардың қадір-қасиеті мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әрекеттер заң алдында жауапкершілікке әкеп соғады», – деп ескертті полиция.