Олардың бірі 9 жаста
Соңғы екі тәулікте Өскемен полициясының жеке құрамы кәмелетке толмағандардың жоғалуына байланысты «дабыл»сигналы бойынша екі рет көтерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
10 тамызда 9 жасар баланың жоғалғандығы туралы хабарлама таңғы сағат 7-де келіп түскен. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде баланы қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тапты.
Тағы бір баланың жоғалғандығы жөніндегі хабарлама 11 тамызда келіп түскен. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл бала көшеден табылды. Ювеналды полиция қызметкерлерінің бақылауына берілген бала артынша ата-анасына табысталды.
«Екі жағдайда да ерекше қажеттіліктері бар балалар іздестірілді, олар өздерінің деректері мен тұрғылықты жерін атай алмады. Полиция қызметкерлерінің белсенді жұмысының арқасында балалар ата-аналарына қайтарылды. Олардың үйінен кету себептері мен жағдайларын кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар анықтайды», - деп атап өтті ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.