Күдіктілер 11 миллион теңге ақшалай қаражат және алтын бұйымдарды ұрлауға тырысқан
Қарағандылық тәртіп сақшылары 20 миллион теңгені құрайтын ұрлықтың алдын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
11 тамызда Михайлов бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаскүнемдердің тобын анықтады. Олар 33 жастағы қала тұрғынының пәтерін тонамақшы болған. Полиция қызметкерлері бұл топты қылмыс орнында ұстай алды.
Бірінші кезеңде жедел уәкілдер зардап шегушінің пәтері орналасқан үйдің ауласында автокөлікті анықтады. Көліктің артында 32 жастағы қылмысқа қатысушы отырған.
«Келесі кезең - қылмыстың қалған қатысушылары кіреберістен шығатын сәтті күту. Қаскүнемдер үйдің ауласында көрінген кезде, олардың бірі жол чемоданын алып жүрді. Олар жасырынуға тырысқан, бірақ полиция қызметкерлері ұстап алды» делінген хабарламада.
Ұрлық жасауға талпынғандар 28-35 жас аралығындағы үш ер адам,олардың екеуі Семей қаласының тұрғындары, үшіншісі Қарағанды қаласынан.
Анықталғандай, қылмыскерлер жәбірленушінің пәтеріне кіріп сейф шығарған. Онда 11 миллион теңге сомасында ақшалай қаражат және алтын бұйымдар болған. Шығын сомасы 20 миллион теңгені құрады. Қазіргі уақытта қажетті іс-әрекеттер жүргізілуде, нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.