Сот оған 300 мың теңгеден астам айыппұл салған
Бірнеше күн бұрын Алматы облысы Талғар ауданында 16 жастағы қызды зорлаған бір топ жігіт ұзақ жылдарға сотталған еді. Сотталған бір жігіттің анасы үкімнен кейін сот ғимаратының терезесін сындырып кетті, деп жазады Azattyq Rýhy.
Алматы облысы соттарының мәліметіне сүйенсек, әйел 2 қараша күні шамамен 16:30 кезінде Қонаев қаласындағы облыстық соттың кіреберісіндегі есікті ұрып, шынысын сындырған.
Оның ісі жеке қарала, сот оның жас балалары барын ескере отырып, әйелге 302 мың теңге айыппұл салған.
Айта кетейік, әйел адам сол күні ұзақ жылға сотталған бір жігіттің анасы. Жігіттер 16 жастағы қызды зорлағаны үшін 16 жылға сотталған.