Көкшетауда жертөледен сот қызметкерінің денесі табылды

Автор: Алмас Ерсін

Полиция суицид дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр

Фото: istockphoto.com

Көкшетауда Ақмола облыстық сотының ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкері өлі күйінде табылды. Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, марқұмның денесі тұрғын үйдің жертөлесінен табылған.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, қыркүйек айында Көкшетау қалалық соты әкімшілігінің 27 жастағы басшысы қайтыс болғаны белгілі болды. Оның отбасы жұмыс орнында үнемі моральдық-психологиялық қысым көргенін мәлімдеген.

Алайда Ақмола облысы бойынша ҚР Сот әкімшілігі департаменті бұл айыптауларды жоққа шығарды.