Оқиғадан зардап шеккендер бар
Шымкенттің солтүстік бөлігіндегі мекемелердің бірінде атыс болды. Қазір мекеме толықтай қоршауға алынды. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, оқиғадан зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Сол маңайдағы көлік жүргізушілерінің айтуынша, полиция қызметкерлерінен бөлек, жол бойында ОМОН-дар да кезекшілікте тұрғанын айтады.
Сондай-ақ, күдікті қолға түскен. Алайда, бұл ресми дереккөз емес. Полиция өкілдері оқиғаның жай-жапсары кейінірек хабарланатынын жеткізді.
Шымкенттегі атысқа қатысты тағы бір тың мәлімет, инсайдерлік ақпарат бойынша, атыс салдарынан бір адам қаза тапса, екіншісі жарақат алып, қазір ауруханада ауыр халде жатыр. Дереккөздерге сәйкес, күдікті ұсталған, бірақ бұл ақпарат ресми расталған жоқ.