$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.08.2020, 14:15
Оқиғалар

Минскідегі жаппай наразылықтар кезінде 1 адам қайтыс болды – БАҚ

Сондай-ақ, 120 азамат ұсталды

Минскідегі жаппай наразылықтар кезінде 1 адам қайтыс болды – БАҚ

Беларусьтегі президенттік сайлау қарсаңында Минскіде азаматтардың полициямен қақтығысы кезінде бір адам қайтыс болды. Бұл туралы ресми тіркелмеген «Весна» құқық қорғау ұйымына сілтеме жасай отырып, Reuters агенттігі хабарлады.

«Автозак адамдарға қарсы жүргенде 1 адам көз жұмып, моргқа жеткізілді. Ондаған адам жарақат алған. Кемінде, 120 азамат ұсталды. Бұл бастапқы мәліметтер ғана, менің ойымша одан да көп», - деген «Весна»ұйымының өкілі Валентин Стефанович.

Бұған дейін интернетте адам таситын арнайы көліктің Минск көшесінде бір адамды қағып кеткен сәтінен видеосы тараған еді.

Сайлау қарсаңындағы оқиғалар туралы ақпарат таратып жатқан «Весна» ұйымының рұқсатын 2003 жылы Беларусь Жоғарғы соты тартып алған. Оған 2001 жылы ұйым өкілдерінің Беларусь президенті сайлауына бақылау жасауы себеп болды.

2004 жылы орталық Халықаралық құқық қорғау федерациясына қабылданды.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары