Алматы әуежайында жолаушылардың үстіне ақ сұйықтық тамшылады (ВИДЕО)
Қазір жағдай толық реттелді
Алматы халықаралық әуежайында инфрақұрылымды жаңарту жұмысы жүріп жатыр. Бүгін әрлеу кезінде қабатаралық жабыннан жолаушыларды күту аймағына сұйықтық ағып, жолаушылардың үстіне тамған. Оқиғаға қатысты әуежай әкімшілігі Azattyq Rýhy агенттігіне түсініктеме берді.
«Алматы халықаралық әуежайының Т1 терминалында инфрақұрылымды жаңғырту жұмысы жүріп жатыр. Сонымен қатар пайдалану барысында анықталған жекелеген кемшіліктерді жою шаралары жүргізілуде. Терминалдың екінші қабатында әрлеу жұмысы кезінде қабатаралық жабыннан жолаушыларды күту аймағына аз мөлшерде сұйықтық тамған. Әуежай қызметкерлері жағдайға жедел әрекет етіп, оның салдарын жою үшін қажетті шараларды қабылдады», – деп хабарлады әуежай.
Қазір жағдай толық реттелген. Терминал штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Алматы халықаралық әуежайы қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды.