Жаңаөзенде деструктивті діни ағымды ұстанатын 2 тұрғын ұсталды – ҰҚК

Автор: Azattyq Rýhy

Тінту барысында екі автомат, үш пистолет, дыбыссыз атуға арналған құрылғы, сондай-ақ оқ-дәрілер табылды

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

2020 жылғы 7 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын заңсыз жасау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының деструктивті діни ағымды ұстанатын 2 тұрғынын ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Тінту барысында заттай дәлелдемелер, оның ішінде екі автомат, үш пистолет, дыбыссыз атуға арналған құрылғы, сондай-ақ оқ-дәрілер табылып, алынды. 9 тамызда сот күдікті адамдарды қамауды санкциялады», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Тергеу фигуранттардың экстремистік сипаттағы қылмыстарға қатысын тексеріп, істің өзге де мән-жайларын анықтауда.

Тегтер: