Маңғыстау облысында карантинде той жасағандар анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Үйлену тойында 30 адам болған

Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысының полицейлері карантин кезінде үйлену тойын жасаған тұрғындарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Оқиға 7 тамызда Шетпе елдімекенінде болды. Учаскелік инспекторлар карантин талаптарын бұзғандарды тапты. Олар үй ауласында 30 адамға үйлену тойын жасаған», - деп жазылған хабарламада.

Бұл факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.