Көкшетауда 10 жастағы бала мұздай суға толы ашық құдыққа құлап кетті
Қалада шамамен 15 мың құдық бар, коммуналдық қызмет мамандары оларды тексеріп жатыр
Көкшетауда көшеде достарымен ойнап жүрген 10 жастағы бала кәріз жүйесінің мұздай суға толған ашық құдығына құлап кеткен. Баланы бірден құтқарып алған,п хабарлайды Azattyq Rýhy КТК телеарнасының сайтына сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, жергілікті тұрғындарды бұл оқиға алаңдатып отыр. Себебі соңғы уақытта осындай жағдай екінші рет тіркелген. Екі апта бұрын қоршаусыз құрылыс алаңындағы су толған шұңқырға төрт жастағы бала құлап, көз жұмған.
«Көкшетау су арнасы» кәсіпорнының өкілдері қазіргі уақытта қаладағы құдықтарды тексеру үшін екі бригада жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Қалада шамамен 15 мың құдық бар. Оқиғадан кейін тағы бір люк шұғыл түрде жабылған.
Кәсіпорынның бас инженері Қазбек Сәдуақасовтың айтуынша, мамандар кадр тапшылығына байланысты барлық құдықты бірдей жылдам тексеріп үлгермей жатыр.
«Бұл құдыққа әлі жетіп үлгермедік. Себебі кадр ресурсы өте тапшы. Әсіресе, барлық нысанды уақытылы күтіп ұстау үшін слесарьлар жетіспейді. Оның үстіне, бұл құдық биіктеу жерде орналасқан. Біз аса қауіпті, көзге бірден түсе бермейтін құдықтарды бірінші кезекте ауыстыруға тырыстық», – деді ол.