Сәкен Өтеевтің ТЖМ құрамында жұмыс істегеніне 12 жылдан асқан
Былтыр құтқарушылар Өскеменде өртке оранған биік үйден 45 адамды аман-есен далаға алып шықты. Оның ішінде 7 бала болған. Осы күрделі операцияға білікті өрт сөндіруші Сәкен Өтеев қатысты. Шығыс Қазақстан облысы ТЖД №8 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Сәкен Өтеевтің ТЖМ жүйесінде жұмыс істегеніне 12 жылдан асқан. Осы уақыт ішінде табиғи өрттерді сөндіріп, жалынға оранған ғимараттардан адамдарды құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылы Өскемен қаласындағы бес қабатты көппәтерлі тұрғын өртенген еді. Сәкен Өтеев әріптестерімен жылдам жұмыла әрекет етіп, ондаған жанды өлім аузынан арашалап қалды. Үйден 45 адам, оның ішінде 7 бала дер кезінде құтқарылды.
Сәкен Өтеев үшін ең күрделі оқиғаның бірі 2024 жылы болды. 200 тонна өнім сақталған кондитерлік өнімдер қоймасы өртенді. Өрт сөндірушілер қайнап тұрған қоймаға кіріп, қою түтінге тұншыға жүріп қызыл жалынды ауыздықтады. Олар бір мезетте қаз-қатар тұрып, жуан шлангті көтеріп, жоғары қысыммен су шашты. 1 500 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толық өшті.
Осылай басын қауіпке тігіп, қызметін адал атқарып Сәкен Өтеевті әріптестері ерекше құрметтейді. Ұжымы сенімді дос, тәжірибелі маман, тәртіпті пен жауапкершілікті жоғары бағалайтын азамат екенін айтады.
Сәкен Өтеев дзюдодан спорт шеберлігіне кандидат, қызметтен бос уақытында балық аулап, спортпен белсенді айналысады.