Құтқарушылар адамды үш метрлік ордан шығарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды
Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы Солтүстік айналма тасжолында адам орға құлап кеткені туралы 103 қызметінен хабар түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жедел жетті.
Апаттық-құтқару жұмыстары барысында тереңдігі шамамен үш метр болатын орға құлаған адам экскаватор мен зембілдің көмегімен шығарылды. Кейін зардап шеккен азамат 103 қызметінің мамандарына тапсырылды.
«Апаттық-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды», – деп мәлімдеді министрлік.