Атышулы ресейлік әнші Жамбыл облысындағы изоляторға қамалды – ол екі ай тергеледі

Автор: Бақыт Шынар

Оны шекара бекеті ұстаған болатын

Фото: instagram / navaib

Жамбыл облысының Қордай аудандық соты NAVAI лақап атымен танымал ресейлік әншіні екі айға қамауға санкция берді. Бұл жөнінде журналист Михаил Козачков телеграмм-каналында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол күні кеше Жамбыл облысындағы «Қордай» өткізу пунктінде Ұлттық Қауіпсіздік қызметі Шекара бекетінің қолына түскен.  Полиция мен ҰҚК Шекара бекетінің қызметкерлері әншінің көлігін есірткі тапқан көрінеді. Осы дерек бойынша есірткі контрабандасына оқталу күдігімен қылмыстық іс қозғалып, шетел азаматы уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.

«Аталған дерек бойынша есірткі заттарының контрабандасына оқталу күдігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Жамбыл облысының полиция департаменті.

Айта кетейік, 14 қазан күні сағат 20:00-де Астанада қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жекпе-жек сарайында рэпердің жеке концерті өтуі керек еді.