Ішімдік ішіп, былапыт сөйлеген: тікелей эфирде лайк жинамақ болған екі әйел темір тордан бір-ақ шықты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Олар TikTok әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шыққан

Фото: Видеодан скрин

Алматыда тікелей эфирде лайк жинау үшін ішімдік ішіп, былапыт сөйлеген екі әйел полицияның назарын аударып, темір тордан бір-ақ шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар TikTok әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шыққан. Олар эфир барысында балағат сөздер айтып, ішімдік ішіп, темекі тартқан. Ал екіншісі мас күйде болған.

«Тікелей эфир жүріп жатқан сәтте-ақ қатысушылардың кім екені белгілі болып, екеуі де жедел ұсталды. Қатысушылардың біріне 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынса, екіншісі 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», – делінген ПД хабарламасында.