Ұшақ 1981 жылы шыққан және 45 жыл бойы әуеде қалқыған
Бүгін Ұлтттық ұланның авиациясы 1981 жылы шыққан Ан-26 әскери-тасымал ұшағын «зейнетке» шығарып тастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық Ұланның баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін ұшақты соңғы рет көкке ұшырып, онымен салтанатты түрде «қоштасқан».
«Бұл ұшақтың тарихы 1981 жылдан басталады. Киев авиациялық зауытынан шыққан ұшақ алғашқы 10 жылда КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Шекара әскерлері авиациясының құрамында қызмет атқарды», - деп жазады Ұлттық ұлан.
Дереккөзге сүйенсек, 1992 жылдан бастап Қазақстанның Ұлттық ұланы да Ан-26 ұшағын қолдана бастаған. Осы уақыт ішінде ұшақ әскери қызметшілер мен жүк тасымалдаған көрінеді.