Ұшақта 174 адам болған
Үндістанда жолаушылар ұшағы жерге қонғаннан кейін екіге бөлініп кетті. Ұшақ апатынан 14 адам қаза тауып, 123-і жарақат алған. 15 адам ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
«Ұшақ апаты Үндістанның Кожикоде қаласында болды. Air India Express ұшағы дұрыс қона алмай, жолақтан шығып кетіп, екіге бөлінген. Boeing 737 Дубайдан ұшып келген. Үндістанның авиация министрлігі ұшақта 174 адам болғанын хабарлады. Олардың оны - балалар, екі пилот және бес экипаж мүшесі», - деп жазылған ақпаратта.
Оқиға орнына 24 жедел жәрдем барды. Әзірге ауруханаға 30-дан астам адам жеткізілген.