Ер адам итті әйелін қапқаннан кейін балтамен өлтірген
Жақсы ауданындағы Ақмола облысы тұрғыны жануарға қатыгездік көрсеткені үшін 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Ер адам бірге тұратын әйелді ит қауып алғаннан кейін жануарды өлтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Жақсы аудандық сотына сілтеме жасап.
Іс материалдарына сәйкес, ит танысының үйінің ауласында әйелдің аяғын тістеп алған. Мұны естіген ер адам ашуланып, қолына балта алып, аталған үйге барған.
«Итті өзіне шақырып, оның басынан екі рет ұрған», – деп хабарлады сот.
Ветеринар дәрігердің қорытындысына сәйкес, жануар алған жарақатынан өлген.
Сотта ер адам кінәсін мойындап, өкінген. Оның кінәсі иттің иесі мен куәгерлердің түсініктемелері, сараптама қорытындысы, бейнежазба және іс бойынша жиналған басқа да материалдармен расталған.
Іс Қылмыстық кодекстің 316-бабының 2-бөлігі – жануардың өліміне әкеп соққан қатыгездік көрсету бабы бойынша қаралды. Жаза тағайындау кезінде сот оның кінәсін мойындағанын, жасаған ісіне өкінетінін және мүліктік жағдайын ескерді. Ер адам жұмыс істемейді.
Ер адамға 100 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалды. Жәбірленуші тарап азаматтық талап қоймаған. Сот үкімі заңды күшіне енді.