Оқиға 4 тамызда болған
Ақмола облысы Бұланды ауданында құс фабрикасы жұмысшысын ауыр жүктиегіш техника басып кеткен. Ауыр жарақат алған жігіт оқиға орнында жантәсілім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алдын ала мәлімет бойынша JCBAKD-704S ауыр жүктиегіш техникасының 40 жастағы жүргізушісі ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта «Макинск құс фабрикасы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысшысының өлімі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы (Еңбекті қорғау ережесінің бұзылуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдарын жүзеге асыру шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалған.
Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы