Астанада полицейлер қайғылы жағдайдың алдын алды (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Құтқарушылар ер адамды 30 метр биіктіктен түсіріп, полицияға тапсырды

Фото: istockphoto.com

Астананың Сарыарқа ауданында ер адамның «Қараөткел» көпірінің доғасына шығып, шамамен 30 метр биіктікте тұрғаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары жедел жетті.

Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, ер адамды биіктіктен сәтті түсірді. Ол аман-есен құтқарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.