Алматыда TikTok желісінде былапыт сөз айтқан екі жігіт бес күн бойы қамауда отыратын болды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Оларды полиция анықтап, жазалаған

Фото: скриншот

Алматы қаласының полициясы әлеуметтік желіде былапыт сөз айтқан екі жігітті бес күнге қамады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, екі жігіт TikTok желісінде былапыт сөйлеп, оны таратқан. Іске полиция араласқанда, олар бұл видеоны әзіл ретінде таратқандарын айтқан.

«Полиция қызметкерлері бейнежазбаға қатысушылардың жеке басын анықтады. Олар 25 жастағы Ибраим Стамбеков және 21 жастағы Абай Абдыханов болып шықты. Аталған дерек бойынша екі азамат та әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот олардың әрқайсысын 5 тәулікке  қамады», - деп хабарлайды полиция.

Осы ретте полиция әлеуметтік желіге «әзіл» ретінде де осындай видео жариялағандар жазаланатынын ескертіп отыр.