Атырауда балаға зорлық жасамақ болған күдікті ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол мас болған

Фото: ашық дереккөз

Атырауда кішкентай балаға сексуалдық сипаттағы зорлық жасауға оқталды деген күдікпен мас адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Оқиға 6 тамыз кешкі сағат 19:45 шамасында болған. «Көктем» ықшам ауданындағы азық-түлік дүкенінің жанында алкогольдік ішімдік ішкен ер адам жас балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасауға оқталған. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Қазір ол тергеу абақтысына қамалды», - деп жазылған хабарламада.

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.