Ол мәслихат депутатының кәмелетке толмаған ұлы болып шықты
Оралда өзенде шомылып жүрген әйелді катермен қағып өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Бұл оқиға 6 маусым күні Шаған өзенінде «Достық» саяжай қоғамы ауданында болған еді. Белгісіз біреу өзенде жүзіп жүрген әйелді катермен қағып кетіп, өлтірген болатын. Күдікті анықталды», - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, ұсталған күдікті - белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихат депутатының 17 жастағы ұлы.