Каспий теңізінен тағы екі сарбаздың денесі табылды

Автор: Бақыт Шынар

Өкінішке қарай, қаза тапқандардың саны 11 адамға жетті

Фото: lada.kz

Бүгін, 24 қыркүйек күні Каспий теңізіндегі оқу жаттығу кезінде суға кетіп қаза тапқан тағы екі сарбаздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы жергілікті «Лада» басылымы жазады. Маңғыстау өңірінен хабар тарататын басылымның мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар тағы екі сарбаздың мәйітін тапқан.

Қалған бес жігіттен әзірге хабар-ошар жоқ. Айта кетейік, қаза тапқан сарбаздардың саны 11 адамға жетті.