Оқиға салдарынан екі адам күйікпен ауруханаға жеткізілді
Семейде бір қабатты автожуу ғимаратының аумағында газ тасымалдайтын көлік жарылғаннан кейін шыққан өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан екі адам күйікпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нақты мәлімет бойынша, Сосновая көшесінде газ-ауа қоспасы тұтанып, кейін газ тасымалдайтын көлік жарылған. Одан кейін өрт бір қабатты автожуу ғимаратына және екі жеке тұрғын үйге тараған.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі, полиция департаменті, жедел медициналық жәрдем қызметі және «Зеленострой» ЖШС күштері мен құралдары жұмылдырылды. Барлығы 90-ға жуық адам мен 30 техника тартылды.
Өрт толық сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.