Мекеме иесі жауапқа тартылды
Маңғыстау полицейлері карантинге байланысты шектеу шараларын бұзу фактілерін анықтау бойынша рейд жүргізуді жалғастырып келеді. 3 тамыз күні сағат 20.00-де облыстық Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының жедел қызметкерлері Ақтау қаласының 29-шағынауданында жұмыс істеп тұрған «Арай» саунасын анықтады.
Полиция қызметкерлері мекеме иесін жауапқа тартты. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал Маңғыстау облысының Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев барлық азаматтарды карантин ережелерін бұзбауға, шектеу шараларын сақтауға шақырады.