Алматы облысында медқызметкер коронавирустың жалған анықтамаларын сатқан

Автор: Azattyq Rýhy

Бір анықтама үшін ол 25 мың теңге алыпты

Алматы облысының Қарасай ауданында медициналық қызметкер COVID-19-ға ПТР-тесттің теріс нәтижесі көрсетілген жалған анықтамалар беріп, ақша тауып жүрген. Бұл деректі жедел-іздестіру кезінде Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері анықтады.

«Қабылданған шаралар нәтижесінде COVID-19-ға ПТР теріс нәтижесі көрсетілген анықтаманы беру үшін 25 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу кезінде 1984 жылы туған медициналық қызметкер ұсталды. Жауап алу кезінде Алматы облысының тұрғыны маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін 12-ге жуық осындай анықтама ұсынғанын айтты», - делінген департамент хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.