Полицияның мәліметінше, апат кезінде ешкім жараланбаған
Бүгін таңертең Астананың сол жағалауында BMW маркалы қымбат көліктің аударылып жатқан видеосы тарады. Azattyq Rýhy редакциясы осы апатқа қатысты полицияның мәліметін алды.
Ресми дереккөзге сүйенсек, жол апаты 18 қыркүйекте болған. Апаттан ешкім жараланған жоқ.
«Көлікті жүргізіп келе жатқан адам жолдағы кедергіге дер кезінде әрекет ете алмай, рульді босатып алған. Одан кейін жол бойындағы тасқа соғылып, аударылып түскен», - деп хабарлайды полиция.
Полиция көлікті айып тұрағына қойған.