АҚШ-та бірнеше жыл заңсыз тұрған: шетелде ұсталған әйелге қатысты СІМ ақпарат берді

Автор: Темірхан Айжан

Қазір оған адвокат тағайындалды 

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/ Әбілқасым Есентаев

АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматшасына адвокат тағайындалды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Өсенов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, әйел АҚШ-та бірнеше жылдан бері тұрған, оның заңды иммиграциялық мәртебесі болмаған.

«Оған адвокат тағайындалды. Біздің консулдық қызметкерлеріміз оның отбасымен байланыс орнатты. Жағдай оң шешіледі деп үміттенеміз. Қазіргі басты міндетіміз – Қазақстан азаматшасына қажетті консулдық көмек көрсету», – деді Жанболат Үсенов.

Еске салайық, бұған дейін ұсталған әйелдің үш баласы бары айтылған. Қазақстан азаматшасын Флорида штатында заңды көші-қон мәртебесінің болмауына байланысты АҚШ-тың иммиграциялық қызметі ұсталған еді.