27 жастағы тұрғын жақтырмайтын танысы туралы жалған хабарлама таратқан
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер маньяк туралы жалған хабарлама таратқан тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Өткен демалыс күндері Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка аудан орталығын маньяк туралы жалған хабарламалар дүрліктірді. WhatsApp мессенджер топтарында ер адамның суреті және астында оның бойжеткеннің соңынан қуғаны жазылған. Тәртіп сақшылары хабарламаның авторын анықтады», - деп жазылған ақпаратта.
Аудан орталығының 27 жастағы тұрғыны Мамлютка қаласында тұратын 1982 жылы туған танысының суреті бар жалған ақпаратты оны жақтырмағандықтан таратқан.