Алматыда тауларында мұздыққа шыққан бозбала есінен танып құлап қала жаздады (ВИДЕО)
ТЖМ тікұшағы Алматы облысының тауларында туристі эвакуациялады
Алматы облысының Талғар ауданындағы Корженевский мұздығына, яғни 3770 метр биіктікке шыққан бозбала күтпеген қиындыққа ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар, АМО дәрігері және «Қазавиақұтқару» АҚ экипажымен бірлесіп, туристі эвакуациялады.
«2009 жылы туған жасөспірім 12 қыркүйектен бастап Талғар шыңы маңына көтеріліп келе жатқан 7 адамнан тұратын туристік топтың құрамында болған. Жорық барысында оның денсаулығы күрт нашарлаған. Алдын ала диагноз – тау ауруы. Көмек көрсету және эвакуациялау үшін ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды», – делінген хабарламада.
Турист Алматы қаласының ауруханасына одан әрі медициналық тексеруден өту және қажетті көмек көрсету үшін аман-есен жеткізілді.