Осыған байланысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр
Астанада мысырлық тревел-блогер Ахмед Хаггаг (Haggagovic) полицей қыздарды көтеріп, тұрған орындарында шыр айналдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға «Хан Шатыр» СОО маңындағы «Ғашықтар саябағында» болды. Желі қолданушылары осы видеодан кейін үлкен резонанс тудырды.
Осыдан кейін Астана қаласының Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасап, тексеріс жүріп жатқанын жеткізді.
«Осы факті бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Оның қорытындысы бойынша қызметкерлер тәртіптік жауапқа тартылады», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, Ахмед Хаггаг – тревел блогер. Бүгінге дейін әлемнің 193 мемлекетін аралаған. Оның әлеуметтік желідегі жалпы оқырмандарының саны 10 миллионнан асады.