Павлодарда аспаздың қолын қамыр илейтін құрылғы тартып әкетті (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Құтқарушылар аспаздың қолын қамыр илейтін құрылғыдан босатты

Фото: Видеодан скрин

Павлодарда нан жайып тұрған әйелдің қолын қамыр илейтін құрылғы тартып әкетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, «112» пультіне Павлодар қаласындағы нысандардың бірінде аспаздың қолы қамыр илейтін құрылғыға қысылып қалғаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері шұғыл жетті. Гидравликалық және арнайы құралдардың көмегімен олар жабдықты ішінара бөлшектеп, құрылғының корпусы мен барабанының арасына қысылып қалған әйелдің қолын босатты», – делінген ведомство хабарламасында.

Зардап шеккен адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.