Павлодарда төрт жасар бүлдіршін 8-қабаттан құлап, тірі қалды: оның жағдайы ауыр

Автор: Алмас Ерсін

Оқыс оқиға 9 қыркүйек күні сағат 21:00 шамасында болды

Фото: istockphoto.com

Павлодарда төрт жасар бүлдіршін 8-қабаттың балконынан құлап, тірі қалды. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 9 қыркүйек күні сағат 21:00 шамасында 2022 жылы туған бала сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, бала балкондағы орындыққа шыға берген кезде терезеден құлап кеткен.

Бүлдіршін дәрігерлердің бақылауында, жағдайы ауыр. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер оның басы, денесі және ішкі ағзалары жараланғанын анықтаған. Ол есін біледі.

Павлодар облысының ТЖД ата-аналарға терезесі ашық бөлмелерде және балкондарда балаларды қараусыз қалдырмауды, терезенің жанына бала терезе алдына шығып кете алатын заттарды қоймауды, сондай-ақ терезелерге сенімді блокираторлар мен торлар орнатуды ескертеді.