Өрт сөндірушілер жалынның қоймаларға таралуына жол бермеді
Алматыда Тобаяқов көшесіндегі Жетісу ауданында өрт шықты. Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары дереу жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алғашқы бөлімшелер келген кезде ағаш паллеттердің, тыңайтқыштарға арналған ыдыстардың және автокөліктің ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің арқасында жалынның қойма ғимараттарына таралуына жол берілмеді. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ТЖМ өрт немесе басқа да төтенше жағдай туындаған кезде дереу «112» нөміріне хабарлау қажеттігін еске салады.