Алматының бір көшесінде тұратын адамдар полицияға 167 рет қоңырау соққан – оның себебі белгілі болды

Автор: Бақыт Шынар

Бұл даңғылдағы дәмханалар халықтың мазасын алған

Фото: polisia.kz

Жыл басынан бері Назарбаев даңғылы, 120 және 124 мекенжайында тұратын халық айналасындағы 11 дәмхананың үстінен шағым түсіріп, полицияға 167 қоңырау шалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, осы 11 дәмхана мен бар түнгі уақытта қатты шулап, қоғамдық тәртіпті көп бұзады. Сондықтан, қалалық полиция дәл осы аумақты ерекше бақылайды екен.

«2026 жылдың басынан бері анықталған құқық бұзушылықтар бойынша полиция қызметкерлері 257 әкімшілік хаттама толтырған», - деп хабарлайды дереккөз.

Полицияның нұсқамасын орындамай, тиісті ақпарат ұсынбағаны үшін осы мекемелердің басшыларына қатысты 11 хаттама жазылған.

«Көңіл көтеру орындарының иелері мен басшылары өз мекемелерінің жұмысын ұйымдастырумен қатар, оған іргелес аумақтағы қауіпсіздік пен тәртіпке де жауапты екенін түсінуі керек», - деп Алматы қаласы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.