Алматы облысында КамАЗ-бен болған жол апатынан кейін әйел көлікте қысылып қалды

Автор: Алмас Ерсін

Құтқарушылар әйелді арнайы құралдардың көмегімен көлік салонынан шығарды

Фото: istockphoto.com

Алматы облысында жүк көлігімен болған жол апатынан кейін жеңіл көліктің салонында қысылып қалған әйелді құтқарушыларға арнайы құралдардың көмегімен шығаруға тура келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, жол апаты Қарасай ауданының Елтай ауылында болған. Жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысқан. Салдарынан әйел зақымданған көліктен өздігінен шыға алмай қалған.

«Оқиға орнына ТЖМ-нің «Барыс» республикалық құтқару қызметінің мамандары келді. Олар арнайы авариялық-құтқару құралдарының көмегімен зардап шеккен әйелді көлік салонынан шығарды», – деп хабарлады ТЖМ.

Әйел жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.