Жерасты дүмпуі ауылда екі балл деңгейінде сезілген
Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауылында екі балдық жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Жерасты дүмпуі 6 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 23:08-де тіркелді. ҚР ТЖМ «ҰҒЗСҰО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 875 шақырым жерде орналасқан.
Эпицентрдің координаттары – 49,167 градус солтүстік ендік және 84,417 градус шығыс бойлық.