Бұл туралы ШҚО-ның прокуратурасы хабарлайды
Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алты жыл бойы порнография түсіріп, оны таратқан қылмыстық топтың 14 мүшесін соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, 14 адам 2018 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстанның бірнеше аумағында заңсыз әрекет ете отырып, тұрақты кіріс алғандары анықталды. Тергеу олардың кінәсін дәлелдеген.
«Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесінің кінәсі толық дәлелденді деп танып, оларға әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады», - деп хабарлайды ШҚО прокуратурасы.